Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін күрескен Юлия Путинцева әлемнің 11-ші ракеткасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Теннистен Қазақстан командасының өкілі Нинбода (Қытай) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалынан арыға аса алмады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Юлия Путинцева әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен бақ сынасқан.
Үш сетке созылған матчта ойын 6:4, 1:6, 7:6 есебімен ресейлік қарсыластың пайдасына шешілді.