Велоспорт: Кирилл Курдиди әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Редакция Ulyssport

Велоспорттан Қазақстан құрамасының мүшесі Кирилл Курдиди Буллерупте (Дания) өткен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

Отандасымыз гитте (1000 метр) сәтті өнер көрсетіп, әлем чемпионатының финалына шыға алды.

Шешуші раундта Курдиди жетінші нәтиже көрсетіп, ақырында әлем чемпионатының үздік ондығына енді.

Ал жеңісті Гарри Лаврейсен (Нидерланды) жұлып алды. Екінші орында Джеффри Хугланд (Нидерланды) келді. Үздік үштікті Джозеф Трумэн (Ұлыбритания) түйіндеді.