Асу Алмабаев соңғы жеңісінен кейін UFC рейтингінде жоғарылады

Редакция Ulyssport

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC рейтингінде айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: UFC

ДЕРЕК
Айта кетсек, бүгін қазақстандық UFC жеңіл салмақ рейтингінде 7-ші орында тұрған бразилиялық Матеус Николаумен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Енді рейтингте 14-орында болған Алмабаев бразилиялықты ығыстырып, қазір UFC-де 7-орынға бірақ шықты.

АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Асу Алмабаев аралас жекпе-жектен Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 245 турнирінде сәтті өнер көрсетті. Оның қарсыласы UFC жеңіл салмақ рейтингінде 7-ші орында тұрған бразилиялық Матеус Николау болды.

Жекпе-жек үш раундқа созылып, қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Алмабаев үшін бұл UFC-дегі төртінші жеңісті жекпе-жегі болды.

Еске сала кетсек, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін 16 маусым күні Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонға (16-8) қарсы өткізіп, жеңіске жетсе, Матеус соңғы екі шайқасында Брэндон Ройвал және Алекс Перестен ұтылып қалған.