Жеңіліп көрмеген боксшы Садриддин Ахмедов жекпе-жекке шығады

Редакция Ulyssport

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 KO) 13 желтоқсанда шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: Olympic.kz

BoxRec.com сайтының мәліметінше, Садриддин Ахмедов 13 желтоқсанда шаршы алаңға оралады. Ол АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Инез қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Рафаэль Игбокве (17-5, 7 KO) болмақ.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Бокс кешінің ұйымдастырушысы – әйгілі Том Леффлер. Ол бұған дейін Геннадий Головкинге ұзақ уақыт промоутер болған еді.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов 31 тамызда АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, америкалық боксшы Антонио Тоддты (17-11, 9 KO) бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.