Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчында венгриялық «Халадаш» командасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Бірінші таймда алаң иелерінің қақпасына екі гол соғылды, оларды Алиссон мен Эдсон енгізді. Екінші таймда Кевин Арриета қарсылас қақпасын тағы бір гол соқса, соңғы нүктені қақпашы Деннис Кавальканти қойды – 4:0.
Турнирдің элиталық кезеңіне топтағы ең үздік үш команда шығады.