Астанада самбодан әлем чемпионаты өтеді

Редакция Ulyssport

Астанада 8-10 қараша аралығында спорттық және жауынгерлік самбодан, сондай-ақ зағип спортшылар арасында самбодан әлем чемпионаты өтеді. Турнир Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: vechastana.kz

6-7 қарашада командалар аккредитациядан өтіп, қонақүйлерге тіркеледі. Оқу-жаттығу жиындары елордада жарыс басталар алдында – 25 қазаннан басталады.

Бұл жарыстардың басты ерекшелігі – әйелдер алғаш рет жауынгерлік самбодан бақ сынаса, сонымен қатар зағип (SVI1 санаты – мүлдем зағип) спортшылар арасында самбо күресі өтеді. Сонымен қатар, әлем чемпионаты 2025 жылы Чэндуде өтетін Дүниежүзілік ойындарға соңғы іріктеу турнирі болмақ.

Жарыс келесі салмақ дәрежелері бойынша өтеді:

- Спорттық самбо (ерлер): 58 келі, 64 келі, 71 келі, 79 келі, 88 келі, 98 келі, +98 келі;
- Спорттық самбо (әйелдер): 50 келі, 54 келі, 59 келі, 65 келі, 72 келі, 80 келі, +80 келі;
- Жауынгерлік самбо (ерлер): 58 келі, 64 келі, 71 келі, 79 келі, 88 келі, 98 келі, +98 келі;
- Жауынгерлік самбо (әйелдер): 50 келі, 54 келі, 59 келі, 65 келі, 72 келі, 80 келі, +80 келі;
- Зағиптарға арналған самбо (ерлер, SVI1 спорттық санаты): 64 келі, 79 келі, 98 келі.