«Барселона» қатарынан төртінші матчта жеңіске жетті

Редакция Ulyssport

24 қазанға қараған түні Испанияның "Барселона" футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші турындағы ойындар аясында "Баварияны" (4:1) жеңді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: championat.com

"Барселона" үшін бұл қатарынан 4-ші ірі жеңіс болды. Құрама спортшылары барлығы 17 гол соғып, небәрі 2 голды өз қақпаларына өткізіп алды.

Бавариямен болған кездесудің алғашқы минуттарында-ақ Рафинья бірден есеп ашты. Көп ұзамай қарсылас құраманың шабуылшысы Гарри Кейн есепті теңестірді. Бұл қуаныш ұзаққа созылмастан Роберт Левандовский өз командасын қайтадан алға шығарды. 

Осылайша, басымдықты бермесьен Рафинья қайтадан екі гол соғып, ойынды жеңіспен аяқтады.