Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ұлттар лигасы турнирінің матчтарынан кейін әлемнің ұлттық командаларының рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қазанда Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында 2 матч өткізді. Айдың алғашқы ойыны 10 қазанда Австрияның Линц қаласындағы «Райффайзен-Аренада» Австрияға қарсы өтті. Кейіннен Қазақстан өз алаңында, Алматыдағы «Орталық» стадионда Словения құрамасын қабылдады.
Екі матчта да біздің ұлттық құрамамыз жеңіліске ұшырағанымен, Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде Қазақстан екі сатыға көтеріліп, 107-орынға жайғасты (бұған дейін 109-орында болған). Бір саты жоғарыда екі орын төмен сырғыған Кения құрамасы орналасса, 108-орында 10 позицияға алға шыққан Комор құрамасы тұр.
Рейтингтің көшбасшысы бұрынғыдай Аргентина құрамасы, оның қоржынында 1883,5 ұпай бар. Екінші орында 23,65 ұпайға артта келе жатқан Франция құрамасы (1859,85 ұпай), ал үздік үштікті 1844,33 ұпаймен Испания құрамасы түйіндейді.