Қолаға қол созған қазақстандық балуандар жүлдесіз қалды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық балуандар Лаура Ғаниқызы мен мен Алина Ертөстік жастар арасындағы әлем чемпионатында медаль ала алмады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

Тиранда (Албания) өтіп жатқан күрес түрлері бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар Лаура Ғаниқызы мен Алина Ертөстік қола медаль үшін айқасқа түсіп, бірақ жолы болмады.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Лаура Ғаниқызы жапондық борчиха Юми Итомен кездесті, бірақ мерзімінен бұрын 11:0 есебімен ұтылды.

76 келіге дейінгі санатта Алина Ертөстік Жапониядан келген қарсыласы Нодоко Ямомотодан 11:0 есебімен жеңіліп қалды.