Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновқа қарсы дайындығы туралы айтты

Редакция Ulyssport

UFC-ден орта салмақтағы әлем чемпионы Белал Мухаммад қазақ файтері Шавкат Рахмоновпен болатын жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: fight.ru

Америкалық спортшы өзінің жеңісіне сенімді. Сондықтан ол әдеттегіден де көп жаттығу жасап жатыр.

Бұл жігітке қарсы жекпе-жекке әдеттегіден екі есе көп жаттығу жасап жатырмын. Мен күніге жаттығу залында жұмыс істеп жүрмін. Жұмыс, жұмыс, жұмыс. Ал адамдар… Егер ертең мен Шавкатты жеңген күннің өзінде олар «оның жолы болды» деп айтады. Ешкім ауыр еңбекті бағаламайды. Біз осындай әлемде өмір сүріп жатырмыз. Еңбектің қаншалықты ауыр екенін тек менің отбасым мен бірге жұмыс істеп жатқан командам ғана біледі, спортпен кәсіби айналысқан адамдар ғана біледі, – деді Мухаммад MMA Fighting журналисіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад арасындағы чемпиондық жекпе-жек биыл 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Қазақ файтері 2024 жылы мүлдем октагонға шыққан жоқ. Ал, Белал болса биыл шілдеде британдық Леон Эдвардсты жеңіп, әлем чемпионы атанды.