Алматыда футзалдан өткен Чемпиондар лигасының негізгі турында Қазақстан чемпионы «Семей» венгриялық «Халадаспен» ойнап, 6:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Жеңімпаздар қатарында Феррао, Дедезиньо, Шыңғыс Есенаманов, Кайо Торрес және Родригиньо екі рет гол соқты.
Осылайша семейліктер 3 ұпай жинап, 4-топтан Чемпиондар лигасының элиталық раундының үшінші қатысушысы атанды.
Соңғы турда бұл раундқа Португалияның «Спортингі» мен алматылық «Қайрат» уақытынан бұрын жолдама алған. Екі команда да 6 ұпай жинады.
Ал дәл қазір Алматыда «Қайрат» пен «Спортинг» топ жеңімпазын анықтау мақсатында паркетте жан алысып, жан берісіп жатыр.
Есеп әзірге 2:2.
Келесі кезекте Чемпиондар лигасында төрт топтан тұратын элиталық раунд өтеді, оның жеңімпаздары төрттік финалға жолдама алады. Бұл Чемпиондар лигасында тек Қазақстан, Португалия, Испания және Хорватия екі клубпен өнер көрсетеді.
Элиталық раундтың жеребе тарту рәсімі 31 қазанда өтеді, матчтар 26 қараша мен 1 желтоқсан аралығында командалардың бірінің алаңында өтеді.