Суперкамбэк: «Қайрат» Чемпиондар лигасының жеңімпазын ұтты

Редакция Ulyssport

Бүгін Алматыда өткен футзалдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы матчта алматылық«Қайрат» португалиялық «Спортинг» клубын қабылдап, 3:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

©АФК "Кайрат"

Кездесуде ә дегеннен-ақ португалиялықтар голды бірінен соң бірін соғып, есепті 0:2-ге жеткізіп, алматылық команданы тығырыққа тіреп тастаған.

Алайда сағы сынбаған қазақстандық команда жігіттері барын салып, ойынның соңын 3:2 есебімен түйіндеді.

«Қайрат» сапынан Кевин Арриета, Алиссон және Деннис бос қақпаға доп дарытып, шеберліктерімен көзге түсті.

Осылайша «Қайрат» 9 ұпай жинап, 4-топтың көшін бастаса, «Спортинг» 6 ұпаймен екінші орында қалды.

Бұл екі командадан бөлек, турнирдің элиталық кезеңіне Қазақстан чемпионы «Семей» де жолдама алғанын жазғанбыз.