World Boxing: Геннадий Головкин әлем чемпионатының ашылуына қатысты

Редакция Ulyssport

Чемпион әрі ҚР ҰОК президенті Геннадий Головкин Пуэблода (АҚШ) World Boxing ұранымен бокстан өткен бірінші U19 әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Геннадий Головкин өз сөзінде әлемдік біріншіліктің маңыздылығын атап өтіп, бұл спорттық іс-шара жаңа спорттық таланттарды ашу алаңына ғана емес, сонымен қатар әртүрлі елдердің жас боксшылары арасындағы бірлік пен достықтың символына айналатынына сенім білдірді.

ҚАЗАҚСТАННАН КІМ ШЫҚТЫ

Айта кетейік, әлем чемпионатына 30 елден 180 спортшы қатысуда. Қазақстан атынан Ерасыл Амангелдиев (55 келіге дейін), Асылхан Көшербай (65 келіге дейін), Диас Серікұлы (70 келіге дейін), Даниял Райымбеков (85 келіге дейін) өнер көрсетеді.

Рингке бірінші болып Диас Серікұлы шықты. Ол Алжир командасын қолдайтын Ислам Дахлалды жеңді.

Еске сала кетейік, World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында құрылған халықаралық бокс федерациясы. Биыл қыркүйек айында Қазақстан осы ұйымға кіруге өтінім берді. 

Бұған дейін Геннадий Головкин World Boxing олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып тағайындалған болатын.