19 жастағы спортшы үстел теннисінен чемпион болды

Редакция Ulyssport

Ирактың Сүлеймания қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 жасқа дейінгі категорияда қазақстандық Сарвиноз Миркадирова алтын жүлдені жеңіп алды.

“Ол Фатима Мусаны (Ирак) 3:0, Йекта Адибианиді (Иран) 3:2, Заара Тахерді (Ирак) 3:0, Атена Захирифарды (Иран) 3:0, жартылай финалда Элина Рахимиді (Иран) 3:1 есебімен ұтты”, – делінген хабарламада.

Финалдық кездесуде Миркадирова Таниша Котечадан (Үндістан) 3:1 есебімен басым түсті.