Белал Мұхаммед не үшін Рахмоновпен жекпе-жекке шықпайтыны белгілі болды

Редакция Ulyssport

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммед чемпиондық белбеуге үміткер қазақстандық Шавкат Рахмоновпен неге кездесе алмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

Белал Мұхаммед сүйек инфекциясын жұқтырғанын жеткізіп, операциядан кейінгі суреттер мен видеоларды жариялады.

"Аяғымда сүйек инфекциясы пайда болды... күре тамыр арқылы антибиотиктер алу үшін қолыма катетер орнатуға тура келді. Алдағы 6 апта бойы физикалық белсенділік болмайды... Алланың жоспары – ең жақсы жоспар. Кездесуді күткен барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын," – деп жазды Белал Instagram парақшасында.

Шавкат Рахмонов былтыр желтоқсан айында UFC 296 турнирінде промоушен ардагері Стивен Томпсонға қарсы жекпе-жек өткізді. Екінші раундтың соңында Рахмонов Томпсонның жақ тұсын қысып, оны ауырту арқылы жеңіске жетіп, UFC-дегі алтыншы жеңісін тіркеген.