Бокс: Төрехан Сабырхан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

Редакция Ulyssport

Отандасымыз Төрехан Сабырхан Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

67 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалда кубалық Дэвид Эспиносаға қарсы жекпе-жек өткізді.

Отандасымыз кубалық боксшыға еш мүмкіндік қалдырмай, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Осылайша ол Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медалін әкелді. Одан бөлек, финалға жеті спортшымыз жолдама алған еді.