Әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасы топ жарды

Редакция Ulyssport

Черногорияның Будва қаласында өткен 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 17 медаль алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөз

Оның алтауы алтын, біреуі күміс, қалғаны қола. Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы есепте топ жарды. 

22 қазан – 3 қараша күндері аралығында өткен жастар арасындағы әлем чемпионаты Қазақстан боксшылары үшін өте табысты аяқталды.

25 спортшы сынға түскен бәсекеде Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жалпы есепте бірінші орынға ие болды. 

Алтын алғандар:

Боранбек Бексұлтан (51 келі)

Төрехан Сабырхан (67 келі)

Өнер Сейілхан (71 келі)

Санжар-Али Бегалиев (75 келі)

Елянур Турганова (50 келі)

Аружан Зейноллаева (81 келі)

Бір күміс Ұлдана Таубайға (66 келі) бұйырды.

Қола алғандар:

Диас Берікбай (48 келі)

Жансері Көшербаев (57 келі), 

Расул Асанханов (92 келі),

Аслан Елдібайулы (92 келіден жоғары), 

Әнел Абдрасилова (48 кг),

Бағжан Отынбай (52 келі),

Толғанай Касымхан (60 келі), 

Аружан Жаңабаева (63 келі), 

Шұғыла Нәлібай (75 келі)

Панар Сейітханкызы (81 келіден жоғары).