Әлімханұлы әлем чемпионымен жұдырықтасуға ниет білдірді

Редакция Ulyssport

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем титулдарының иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің қазіргі иесі доминикалық Карлос Адамеспен біріккен жекпе-жек өткізуге кетәрі емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

©Top Rank

Ол Адаместі жекпе-жек туралы келісімшартты электрондық пошта арқылы жіберуге шақырды.

«Егер Адамес маған келісім-шарт жіберсе, мен оған бүгін қол қоятынымды бәрі біледі», - деді Жәнібек Әлімханұлы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Ж.Әлімханұлының промоутерлері қазір британдық жеңілмеген боксшы Хамза Ширазбен жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізіп жатыр. Олардың жекпе-жегі туралы WBO бастама көтерген. Ұйым тараптарды жекпе-жек туралы келісімге келуге шақырып үлгерді, бірақ уақытты екі рет кейінге қалдырылды.

Жәнібек соңғы жекпе-жегін 4 қазанда Сиднейде (Австралия) өткізіп, IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы, жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті мерзімінен бұрын техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ал осы жеңістен кейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық атағын британиялық Хамза Ширазқа қарсы қорғайтынын ресми түрде мәлімдеді.