Футболдан Қазақстан құрамасының қарсыласы Норвегия Ұлттар Лигасының матчтары алдында құрамын күшейту шараларын қолға ала бастады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы және Норвегия құрамасының жартылай қорғаушысы Мартин Одегаард жарақатына байланысты екі айлық үзілістен кейін толық жаттығуға оралды.
Бұл туралы «Арсенал» клубы Х желісі арқылы хабарлады.
Норвегиялық футболшы қыркүйек айында Ұлттар лигасының Австрияға қарсы матчында тобығынан жарақат алған еді. Бұған дейін ол Алматыда Қазақстанға қарсы ойнаған болатын.
Одегаард алған жарақатының кесірінен «Арсеналдың» 12 ойнын сырттан тамашалауға мәжбүр болды.
Сейсенбі күні 25 жастағы жартылай қорғаушы командамен ұзақ жаттығып, алдағы матчтарға дайындалды. Жексенбі күні «Арсенал» Англия чемпионатының 11-ші турында «Челсиге» қарсы ойнайды.
Еске сала кетсек, 17 қараша күні Норвегия құрамасы Ослода Қазақстан құрамасын қабылдайды.