Тарихи жеңіс: Қазақ қызы ММА бойынша әлем чемпионы атанды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық Мөлдір Әшірбекова қыздар арасында IMMAF MMA чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ashirbekova.kaz

Сондай-ақ Мөлдір Әшірбекова Қазақстан тарихындағы ММА бойынша еліміздің шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен (IMMAF) Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатыр. Мөлдір Әшірбекова 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. 

Ширек финалда жерлесіміз анголалық Эсперанса Чилалды 17:5 есебімен жеңіп, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиладан басым түсті (11:1).

Ал финалдық айқаста мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, қарсыласын тас-талқан етіп ұтты, есеп – 13:1.

«Мөлдір – Қазақстан тарихындағы тұңғыш чемпион. Тарихи жеңіс», – деп жазды Қазақстанның аралас жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі. 

Ташкенттегі турнир 4-10 қараша аралығында өтті. Мөлдір Әшірбековадан бөлек, қазақстандық Ерұлан Қабдолов (52,2 келі) та чемпион атанса, тағы алты спортшымыз күміс және қола медаль еншіледі.