Қазақстанның жеті боксшысы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Редакция Ulyssport

Қостанайда Орал және Қорған Айтеновті еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: olympic.kz

Olympic.kz жазуынша, жарысқа 2006 және 2007 жылы туған боксшылар қатысты. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық жас боксшылар жеті алтын медаль жеңіп алды. 

Атап айтар болсақ,  Халит Бекетов (48 кг), Алмас Нұрлан (54 кг), Ерхан Оңталапов (57 кг), Бекжан Тлебалды (71 кг), Арыстан Нұрмагамбет (75 кг), Ілияс Жандау (80 кг) және Аслан Елдібайұлы (92 кг) турнир чемпионы атанды. 

Сондай-ақ Тәжікстаннан келген үш боксшы алтын медаль алды. Олар: Дамир Муйбалихонов (60 кг), Руслан Гафуров (63,5 кг) және Идрис Ильназаров (92+ кг).

Өзбекстанда екі, Қырғызстанда бір алтын жүлде бар.