Конор Макгрегорға әйелді зорлады деген айып тағылды

Редакция Ulyssport

UFC бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор сәрсенбіде Дублинде 2018 жылдың желтоқсанында әйелді зорлады деген айыппен азаматтық іс бойынша сотқа тартылды. Ол барлық айыптауды жалған деп атады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Getty Images

Никита Хандтың Макгрегор мен тағы бір ер адамды айыптаған сот процесі өткен аптада басталған.

Макгрегор Хандпен "толығымен ерікті жыныстық қатынасқа түскенін" мәлімдеді. Арыз иесінің "денеме жарақат қалдырды" деген сөзін жоққа шығарды.

Ханд Макгрегорды бұрын білгенін және досымен бірге Дублиндегі қонақүйдің пентхаусына барғанын, онда антидепрессанттарды қабылдағанына қарамастан есірткі мен алкогольді қолданғанын айтты.

Сот процесінде талапкердің адвокат дәрігер әйелді тексеріп, "оның жарақаттарын суретке түсіріп алуға" кеңес бергенін айтады.