Бокс аңызы рингке оралды: Тайсон қарсыласын шапалақпен тартып жіберді

Редакция Ulyssport

58 жастағы бокс әлемінің аңыз адамы, бұрынғы ауыр салмақтағы абсолютті чемпион Майк Тайсон (50-6, 44 КО) және 27 жастағы шоумен Джейк Пол (10-1, 7 КО) жекпе-жекке дейін салмақ өлшеп, көз арбасты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Жекпе-жек 16 қараша кешке болады. Тайсон Полдан ауырырақ болды. Ал блоегр ешқашан ауыр салмақта өнер көрсетпеген.

Салмақ өлшегеннен кейін Майк пен Джейк көз арбасуы керек еді. Бірақ бетпе-бет келгенде Тайсон жартылай Полдың бетінен шапалақпен тартып жіберді.

"Әңгімел аяқталды", — деді Майк көп ұзамай кетіп қалды.

Пол "мені ұрып жіберді, демек бұл жеке бастың жаулығы" деді.