UFC басшысы алғаш рет Шавкат Рахмоновтың өтпейтін жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Редакция Ulyssport

Америкалық UFC промоушенінің президенті Дана Уайт қазақ файтері Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі туралы шешім жақын арада жарияланатынын хабарлады, деп жазады Ulyssport.kz.

fight

UFC 309 турнирінің алдындағы баспасөз мәслихатында лига басшысынан келесі ірі іс-шараның басты жекпе-жегі не болатыны сұралды. UFC сайтында 7 желтоқсандағы турнир әлі күнге дейін белгіленген күйі тұр. Рахмонов - Мұхаммед айқасы өтеді делінген. Дегенмен қазіргі чемпион Белал жарақат алдым деп айқасқа шықпайтын болған.

Белал Мұхаммед бас тартқаннан кейін Шавкат басқа біреумен айқаса ма деген сұраққа Уайт "біз ертең жариялаймыз, бәрі жақсы болады" деп жауап берді.

Бұған дейін Белал Мұхамед инфекция жұқтырғанын жеткізіп, операциядан кейінгі суреттер мен видеоларды жариялған.

"Аяғымда сүйек инфекциясы пайда болды... күре тамыр арқылы антибиотиктер алу үшін қолыма катетер орнатуға тура келді. Алдағы 6 апта бойы физикалық белсенділік болмайды... Алланың жоспары – ең жақсы жоспар. Кездесуді күткен барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын," – деп жазды Белал Instagram парақшасында.

Шавкат Рахмонов былтыр желтоқсан айында UFC 296 турнирінде промоушен ардагері Стивен Томпсонға қарсы жекпе-жек өткізді. Екінші раундтың соңында Рахмонов Томпсонның жақ тұсын қысып, оны ауырту арқылы жеңіске жетіп, UFC-дегі алтыншы жеңісін тіркеген.