Арлингтонда (АҚШ) үлкен кәсіпқой бокс кеші аясында аты аңызға айналған 58 жастағы америкалық ауыр салмақтағы Майк Тайсон мен оның отандасы, танымал блогер Джейк Пол арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Джейк Пол төрешілердің бірауыздан шығарғакн шешімімен Майк Тайсонды жеңді. Жекпе-жек сегіз раундқа созылды.
Тайсон қазір 58 жаста, ол өзінің бұған дейінгі ресми жекпе-жегін 2005 жылдың маусымында өткізген, ол кезде ол аса танымал емес ирландиялық Кевин Макбрайдтан жеңілген еді.
Джейк Пол өзінің спорттық мансабындағы 12-ші жекпе-жегін өткізді және оның қазіргі рекорды 11-1. Бастапқыда жекпе-жек жазда өтуі керек еді, бірақ темір Майктың денсаулығына байланысты ол кейінге шегерілді.