23-24 қарашада Астанада пара дзюдодан Гран-при жарысы өтеді

Редакция Ulyssport

Пара дзюдодан 23-24 қараша күндері Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде Grand Prix жарысы өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҚР Пара дзюдо федерациясы

Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, турнир барысында 10 салмақта жүлделер сарапқа салынады. 

Басты екі ерекшеліктің бірі - жаңа Олимпиада циклінде салмақтар ауысады.

Ерлер 70, 81, 95, +95 келіде белдесетін болса, әйелдер 52, 60, 70, +70 келіде жүлдеге таласады. 

Сондай-ақ Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада салмағына кірмейтін 2 салмақта (ерлер - 64 келі, әйелдер - 46 келі) жүлде үлестіреді.