Жанкүйерлердің көңілі қалды: Рахмонов UFC мәлімдемесінен кейін ренішін білдірді

Редакция Ulyssport

Жеңілмеген қазақстандық спортшы шебері Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жекке қарсылас таңдау барысынан көңілі қалды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

АНЫҚ-ҚАНЫҚ…

UFC Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегі 7 желтоқсанда өтетінін хабарлады. Жекпе-жек UFC 310 турнирінің бес раундтық негізгі жарысы мәртебесіне ие болды. Сондай-ақ отандасымыздың қарсыласы ирландиялық Ян Мачадо Гарри болатыны да жария етілді.

Алғашында Рахмонов қазіргі белбеу иегері америкалық Белал Мұхаммедпен жұдырықтасады деп болжанған еді, бірақ ол сырқатына байланысты бас тартты.

«Менің көңілім қалды»

Спортшы UFC-нің бұл шешімне қатты ренжігенін айтып, пікір білдірді. Ол рингке онымен жекпе-жекке шығуға келіспеген файтерлердің атын атап, намыстарына тиді.

"Біздің дивизионнан көңілім қалды. Белал, Леон, Колби, Камару, Джек, Шон – бәрің жанкүйерлердің көңілін қалдырдыңыз. Өз сөзіне жауап берген жалғыз-ақ адам болды. Ол – ​​Ян, және мен оны құрметтеймін. Бірақ қателеспе, Ян – мен сенің белбеуіңді алып кетуге келе жатырмын», - деп жазды Рахмонов.