«Қайрат» бас бапкерімен келісім шартты созды

Редакция Ulyssport

«Қайрат» футбол клубы бас бапкер Рафаэль Уразбахтинмен келісімшартты 2027 жылғы маусымның соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

fckairat.com

Бұл туралы команданың ресми сайтында хабарланды.

Оның жетекшілігінде команда Премьер-лиганың 8 ойынында 6 рет жеңіске жетіп, 1 матчты тең аяқтап, бір рет қана жеңілістің дәмін татты.

Маусым соңында «Қайрат» Қазақстан чемпионы титулын жеңіп алып, еліміздің ең мықты клубы мәртебесін растады. Бұл жетістік үйлесімді жұмыстың, бапкерлер штабының кәсібилігі мен команда бірлігінің нәтижесі болды.