Португалия мен Польша құрамалары кездескен УЕФА Ұлттар лигасы А лигасының 1-тобының 5-ші турындағы ойында алаң қожайынының көшбасшысы Криштиану Роналду дубль жасады, - деп хабарлайды Ulyssport.kz
Португалия құрамасының шабуылшысы Ұлттар лигасы аясында Польшаға қарсы ойында дубль жасады. Алдымен Роналду 72-минутта пенальтиді орындады. Бұл оның ұлттық құрама сапындағы 134-ші голы болды. Ол сонымен қатар клубтық мансабында 775 гол соққан.
87-минутта Витиняның көтерген пасын құлап бара жатып қайшылай тепкен Роналду матчтағы екінші голын соқты.
Сонцудай-ақ Португалия құрамасы сапында Рафаэль Леао, Бруно Фернандеш және Педро Нету да бір-бір голдан соқты. Ал қонақтардың жалғыз голын қорғаушы Доминик Марчук соқты.
Осылайша, кездесу 5:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Қазіргі уақытта Роналдудың кәсіби спортшы мансабында 910 голы бар. Бұған дейін форвард үлкен спорттан кеткенге дейін 1000 гол соғуды мақсат етіп отырғанын айтқан еді.