Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының плей-офф матчында Қазақстан-Корея матчында Елена Рыбакина Сон Хен Пакті жеңіп, есепті 2:0-ге жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қазақстандық теннисші әлемнің 6-ракеткасы болса, кореялық спортшы рейтингіде 355-орында тұр. Е.Рыбакина 25-те, қарсыласы одан үш жасқа кіші еді.
Бірінші партияны Рыбакина 6:2 есебімен аяқтады. Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай білді – 4:2. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты.
Еске сала кетсек, Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогы аясында басталған Кореямен плей-офф матчында Зарина Дияс жеңіске жетіп, Қазақстанды алға шығарған еді.