WBO президенті Жәнібек Әлімханұлына жағымсыз хабар жеткізді

Редакция Ulyssport

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери британдық боксшы Хамза Шираздың WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасудан бас тартқанын жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл туралы журналист және Talksport.com сайтының инсайдері Майкл Бенсон X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Осылайша 18 қарашада өтуі тиіс Әлімханұлы мен Шираз жекпе-жегінің промоутерлік келіссөздері орта жолда тоқтады.

Бұған дейін британдық промоутер Фрэнк Уоррен (Queensberry) Шираздың 22 ақпанда әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасатынын айтқанымен, рингке кіммен шығатыны жасырып қалған еді.