Астана қаласында 23-24 қараша күндері пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Елордада пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтіп, балуандар 10 салмақ дәрежесінде жүлдені сарапқа салады. Жарыстың басты ерекшелігі салмақ дәрежелерінің өзгеруі болмақ. Ерлер енді 70, 81, 95 және +95 келіде, ал әйелдер 52, 60, 70 және +70 келіде жүлде үшін күреседі.
Айтулы додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан намысын Астана қаласының үш параспортшысы J1 санатында қорғайтын болады.
Олар:
Асылан Нұрдаулетов (73 кг);
Бауыржан Арыстанбеков (90 кг);
Ерболат Бекентаев (90 кг).
Айта кетейік, жарыстың ашылу салтанаты 23 қараша күні Beeline Arena спорт кешенінде сағат 15:00-де өтеді.