Рахмонов Гэрримен болатын жекпе-жектің фавориті емес – сарапшы Кормли

Редакция Ulyssport

Британдық бокс және ММА сарапшысы Ли Кормли журналистерге қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (18-0) ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) жекпе-жекте фаворит емес екенін айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

sports.kz

Олардың текетіресі 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Жекпе-жек бес раундқа созылады.

Айта кетсек, Шавкат жартылай орта салмақтағы рейтингте үшінші, ал қарсыласы жетінші орында тұр.

"Спорттық тәжірибелеріне қарасақ, бұлар жеңілмеген және жеңіске деген қарқындары бар. Бұл жекпе-жек жоғары деңгейде өтеді. Мұнда фаворит немесе аутсайд деген жоқ. Екі боксшының да жеңіске жетуге тамаша мүмкіндігі бар. Бәрі дене дайындығы, жеңіске деген ынта-жігер, аз қателік жіберіп, қарсылас қателігін көбірек пайдалана білу сынды қаситтеріне байланысты болмақ. Әрине олардың титулдық белдесуде жұдырықтаспағаны қынжылтады. Кім жеңсе де, чемпиондық атаққа лайық болады деп ойлаймын», дейді ММА сарапшысы Ли Кормли.

Естеріңізге сала кетейік, дивизионның қазіргі чемпионы 2024 жылы 27 шілдеде Манчестерде өткен UFC турнирінде британдық Леон Эдвардсты жеңіп, жартылай орта салмақтағы белбеуді еншілеген Белал Мұхаммед. Ол жуырда отандасымыз Рахмоновпен жұдырықтасуы керек еді, бірақ денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.

Ал Рахмонов соңғы рет 2023 жылы 16 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) жекпе-жек өткізіп, америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта жеңді.