Геннадий Головкиннің жанкүйерлері үшін жағымсыз жаңалық айтылды

Редакция Ulyssport

Қазақ боксшысына рингке қайта оралу қажет емес деген пікір айтылды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: ҰОК

ТОЛЫҒЫРАҚ

Youtube-тегі «Лаборатория бокса» арнасының авторы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) енді рингке оралмайтынын болжады, деп жазады Sports.kz.

– Головкин, меніңше, енді бәрін аяқтады. Қайтып оралмайды. Қайта оралуға негіз жоқ. Головкин – нағыз мықты. Негізінде, ол бәріне өз мүмкіндігін дәлелдеді: егделеу жасында (бокс үшін – ред.) өте жоғары деңгейде жұдырықтасты, – деді арна авторы.

Еске салсақ, ақпан айының соңында Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметінде Тимур Құлыбаевты алмастырған болатын.

GGG кәсіби рингке 2006 жылдан бері шығып келеді. Ал 2010 жылы ол алғаш рет әлем чемпионы атанды. Ол орта салмақта әлем чемпионы титулын қорғау бойынша рекорд орнатқан. GGG титулын 22 рет сәтті қорғаған. Сонымен қатар, орта салмақта нокауттардың ең жоғары пайызы бойынша (қазіргі кезде 82,22 пайыз) Гиннестің рекордтар кітабына енген.