×

«Амал қалмады»: Данияр Елеусінов не үшін менеджерін сотқа бергенін айтты

Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында Рио олимпиадасының жеңімпазы, бүгінде кәсіпқой бокста жүрген азамат Данияр Елеусінов не себепті менеджерін сотқа бергенін айтып берді.

Бүгін, 12:52
«Амал қалмады»: Данияр Елеусінов не үшін менеджерін сотқа бергенін айтты
Instagram.com/yeleussinovdaniyar

ТЫҢДАУ БОЛДЫ

– Менеджерлерімді мен нақты себеппен сотқа бердім. Тыңдау ғана болды, біздікі сотқа жеткен жоқ. Промоутер ол бөлек дүние. Промоутер менде Эдди Хирн болды. Ал менеджер менің қасымда болған. Көбінесе спортшылар промоутермен соттасады. Мен промоутермен емес, өзімнің командамдағы адаммен, менің артымнан осындай дүниелер жасағаны үшін, маған айтпағаны, көрсетпегені үшін ... Сондай дүниелер болды. “Сен Эддидің контрактысы нашар дедің де, бас тарттың, енді альтернатива қайда дедім?” Бір жыл өтті, екінші жыл өтті, жекпе-жек жоқ, сосын, әрине, менде притензиялар басталады. Одан кейін мен ештеңеге келіспей, сот басталып кеткенде, ол бірдеңелерді ұсынғандай болды. Мен ол кезде оған сенген жоқпын. Шын ба, шын емес пе, ондайлардың талайы болған бұған дейін, бірақ нәтижесі болмаған. Бірақ қазір амал жоқ, достастық, себебі сотқа бармайтын болдық қой, біздер слушаниеден қайттық. Өткенде жекпе-жегіне шығып бердім, – дейді Данияр Елеусінов.

Данияр Елеусінов оның алдында әлемдегі белгілі промоутерлердің бірі Эдди Хирнмен серіктестігі неге үзіліп қалғанын түсіндірген еді.

Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Қазақстан спортының бұрынғы Олимпиадалар кезіндегі даңқын қайтару керек деп есептейді. Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында спортшы бұл бағытта өз көзқарасын айтқан.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz порталының ютуб-арнасынан көруге болады.

Новости партнеров