Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионымен жолдастық кездесу өткізеді

Ерик Ильясов

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында бес бақылау матчын өткізеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

 Оқу-жаттығу жиыны 5 тамыз күні Алматы қаласында басталады. Футболшыларды бабына келтіру процесін қамтитын бірінші кезең 18 тамызға дейін жалғасады..

Артынша команда 5 қыркүйекке дейін Астанада жаттығады. Екінші ОЖЖ барысында Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен 22 және 24 тамыз күндері «Сайран Аренада» ойнайды.

Сосын Қазақстан құрамасының Иранға қарсы екі жолдастық матчы жоспарланған. Ойындар 30 тамыз және 1 қыркүйек күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Иран құрамасы 2021 жылы өткен әлем чемпионатында ширек финалға дейін жетіп, жерлестерімізге 2:3 есебімен жол берген болатын.

Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында өтеді. 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен кездеседі. Матч «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. Аргентина құрамасы 2016 жылы алғаш рет әлем чемпионы атанып, 2021 жылғы додада финалға дейін жетті.

Ойынның басталатын уақыты және билеттер жайлы ақпаратты алдағы уақытта жарияланады.

Қазақстан құрамасының жолдастық кездесулерінің күнтізбесі:

22 және 24 тамыз

Қазақстан – Тәжікстан

«Сайран Арена» СК, Астана

 

30 тамыз және 1 қыркүйек

Қазақстан – Иран

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана

 

7 қыркүйек

Қазақстан – Аргентина

«Алматы Арена», Алматы