Бекбауов ширек финалда: Қазақстан бокстан Азия чемпионатын сәтті бастады

Редакция Ulyssport

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Чиангмай (Таиланд) қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігіндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

ҰОК

Қазақстандық боксшы тайбэйлік Ванг Чиуанға қарсы жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Дулат Бекбауов 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетсек, Азия чемпионаты 12 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бұған дейін боксшыларымыз алғашқы айналымда өзбек боксшыларымен жұдырықтасатынын жазғанбыз.

Айтке кетсек, Дулат Бекбауов 2022 жылы Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатының және 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.