Қазақстанның жас теннисшісі Әмір Омарханов Мерида (Мексика) қаласында өткен бірінші санатты ITF Juniors J500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Омарханов еліміздің 18 жасқа дейінгілер арасындағы бірінші ракеткасы, жасөспірімдердің әлемдік рейтингінде 19-орында тұрған спортшы.
Қазақстандық теннисші ширек финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Бенджамин Вилаерттен айласын асырды.
Екі сет те 6:3, 6:3 есебімен Әмірдің пайдасына шешілді.
Әмір Омарханов енді финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 28-ракеткасы, франциялық Томас Фурелмен бәсекеге түспек.