Қазақстан футбол федерациясын кім басқарады: алты үміткердің есімі аталды

Редакция Ulyssport

Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына алты үміткердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы KazFootball.kz басылымына сілтеме жасап.

Ulysmedia коллажы

АЛТЫ ҮМІТКЕР

Басылымның хабарлауынша, бұл лауазымға алты үміткер бар. Олар:

Давид Лория – Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы, Астана қаласы футбол федерациясының президенті;

Марат Омаров – бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы;

Алтай Дауымов – қазақстандық футбол төрешілері институтының (KIFS) бас директоры.

Еран Жамантаев – "Оқжетпес" футбол клубының директоры;

Наргиз Мағау – ФИФА төрешісі;

Ербол Қайыров – спорт журналисі.

ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТКЕН БӘРМЕНҚҰЛОВ

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов қызметінен кеткен болатын. Жаңа басшылыққа бұрынғы ҚФФ басшысы Әділбек Жақсыбеков тағайындалуы мүмкін деген ақпаратты спорт журналисі Ермұхамет Мәулен жазған. Жалпы ұлттық құрама соңғы ойындарда жеңілістерден көз ашпай, жанкүйерлердің сынына қалған. Қазір Қазақстан құрамасын ресейлік бапкер Станислав Черчесов жаттықтырады.