Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов АҚШ-тағы UFC 311 алдында алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, спортшы ирландиялық Ян Гарримен жекпе-жек қызықты болатынын айтты.
– Мен титулдық жекпе-жек Отаным Қазақстан үшін аса маңызды екенін түсінемін. Гарримен жекпе-жек қызықты, өйткені ол жай ғана емес, жеңілмеген спортшы. Бұл мен үшін жақсы сынақ.
Иә, мен Гарридің келіскеніне таң қалдым. Бірақ басында мен оның Баклимен жекпе-жекті қабылдағанын да естідім. Ол басқалардан гөрі менімен шығуға келіскенін құрметтеймін, - дейді ол.
Еске сала кетейік, 8 желтоқсанда Лас-Вегаста Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегі өтеді. Оның қарсыласы Ян Гарри болады.