Азия чемпионаты: бүгін ел намысын алты боксшы қорғайды

Редакция Ulyssport

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері жалғасуда. Olympic.kz мәліметінше 5 желтоқсанда, Қазақстан құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

Жартылай финалға жолдама алу үшін келесі спортшылар күш сынасады:

  • 57 келі: Оразбек Асылқұлов - Пануват Чуджан-Ат (Таиланд)
  • 60 келі: Бейбарыс Жексен - Акмал Убайдов (Тәжікстан)
  • 80 келі: Ерасыл Жақпеков - Сағын Сатыбалдыуулу (Қырғызстан)
  • 52 келі: Жазира Ұрақбаева - Ютин Луо (Тайбэй)
  • 57 келі: Ұлжан Сәрсенбек - Тран Нгуен (Вьетнам)
  • 60 келі: Виктория Графеева - Чен Е (Тайбэй).