UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек өткізетін ирландиялық Иэн Мачадо Гэрри спарринг кезінде “Номадтың” қылғындырып тастағанын мойындады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Жеңіліп көрмеген Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновпен бірге дайындық кезіндегі спаррингте қылқындыру әдісіне түсіп қалғанын айтып, отандасымызға есе жібергенін мойындады.
Иә, Шавкат өтірік айтқан жоқ, спаррингте мені қылқындырып тастағаны рас. Дегенмен спаррингте бәрі болуы мүмкін. Менде небір мықты жауынгерлердің мысын басқанмын. Бірақ Шавкат мені екі жыл бұрынғы Иэн деп ойласа қатты қателеседі. Мен жекпе-жек мықтылығымды дәлелдеп, күллі әлемді мойындатамын,– деді Гэрри.
Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі 8 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінде өткізеді. Ол жеңіліп көрмеген ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммадқа қарсы жекпе-жекке үміткерді анықтайды.
Еске салсақ, жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов АҚШ-тағы UFC 311 алдында алғашқы баспасөз мәслихатын өткізген болатын.