Сәкен Бибосынов Азия чемпионатында өзбек боксшысынан ұтылып қалды

Гүлнұр Қуанышбекқызы

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келі) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы ҰОК-ға сілтеме жасап.

ҰОК

Бибосынов турнир аясында алғашқы жекпе-жегін ширек финалдан бастаған еді. Алайда ол жарысты жалғастыра алмады. Асылбек Жәлілов төрешілердің шешімімен жеңісті суырып алды.

Айта кетейік, 6 желтоқсан күні, 48 келі салмақ дәрежесінде Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алған.