25 шілдеде, Қазақстан спортшылары олимпиадалық медальдар үшін күреске кіріседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Olympic.kz хабарлауынша, 2024 жылғы Париж Олимпиадасы аясында алғашқы болып Қазақстанның садақ атудан ерлер құрамасының өкілдері сайысқа шығады.
Жарыс бағдарламасының бұл түрінде біздің елімізді Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жанбырбай, Александр Еременко таныстырады.
25 шілдеде жеке жарыстар басталады. Спортшылар рейтингтік раундтан өтуі керек. Соның нәтижесінде олимпиадалық турнирдің одан әрі жүйесі қалыптасады. Плей-офф 30 шілдеде 1/32 финалдан басталады.
Ертеңгі өнер көрсету Астана уақыты бойынша 17.15-те басталады.