Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Редакция Ulyssport

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.kz. Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

ҰОК

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңнің соңғы ойынында отандастарымыз Сингапурды ойсырата жеңді. Ал топтағы екінші матчта Оңтүстік Корея Қытай құрамасына еш мүмкіндік бермеді.

Нәтижесінде, кореялықтар алты ұпай жинап, бірінші орынмен жартылай финалға өтті. Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен екінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды.

8 желтоқсанда біздің құрама финалға шығу үшін Жапониямен ойнайды. Оңтүстік Корея жартылай финалда Иранмен кездеседі.

Ал Қытай мен Сингапур 5-8 орындар үшін матчтар өткізеді.