×

Президент Тоқаев Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

08.12.2024, 12:04
Президент Тоқаев Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады
Ашық дереккөзден

Бұл туралы Ақорда Телеграмдағы арнасында жариялады.

“Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді”, деп жазды Ақорда.

Бұған дейін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың кезекті мәрте жеңіске жеткенін хабарлағанбыз.

Новости партнеров