Бокстан Ұлттық құрама мүшесі Санжар Тәшкенбай Таиландта өтіп жатқан Азия біріншілігінің финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Санжар Тәшкенбай 48 кг салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Жапония өкілі Казума Аратакемен кездесті.
Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.
Еске сала кетсек, Санжар Тәшкенбай ширек финалда тәжікстандық Мехрон Шафиевті жеңген еді.
Сондай-ақ бүгін біраз отандасымыз рингке шығады.
Атап айтсақ, ерлер арасындағы жартылай финалдық жекпе жектерде Махмұд Сабырхан, Оразбек Асылқұлов, Дулат Бекбауов, Абылайхан Жүсіпов, Диас Молжігітов, Ерасыл Жақпеков, Бекзат Нұрдәулетов, Сағындық Тоғамбай, Айбек Оралбай сынды қазақстандық боксшылар бақ сынасады.