АЧ: Әлем чемпионы Нұрдәулетов камбэк жасап, финалға жолдама алды

Редакция Ulyssport

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан 2024 жылғы Азия чемпионатында отандасымыз Бекзад Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

Жеребе қорытындысы бойынша Нұрдәулетов турнирдегі өнерін бірден жартылай финалдан бастап, 86 келі салмақ дәрежесінде украиналық Даниил Жасанмен кездесті.

Қарсылас бірінші раундты азғантай ғана басымдықпен өткізсе, екіншісінде қазақстандық рингті өз қолына алып, кездесудің жалпы қорытындысында екіге бөлінген шешіммен жеңісті жұлып алды.

Осылайша, Нұрдәулетов турнирдің финалына дейін жетсе, Жасан қоламен аяқтады.

Айта кетсек, бұған дейін біріншілік финалына Диас Молжігітов (75 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі), Санжар Ташкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Оразбек Асықұлов (57 келі) және Дулат Бекбауов (67 келі) жартылай жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.

Алайда 90 келідегі Ерасыл Жақпеков 1/2 финалда өзбек Тұрабек Хабибуллаевтан жеңіліп, турнирді қоламен аяқтады.

Сәл кейінірек қазақстандық тағы екі боксшының жекпе-жегі өтеді. Олар 92 кг. Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Таймиао Лю (Қытай).

92+ кг. Айбек Оралбай (Қазақстан) – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан).

КЕРЕК ДЕРЕК

26 жастағы Б.Нұрдәулетов 2019 жылғы әлем чемпионатында алтын жеңіп алды. Ол Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысты, кәсіпқой ретінде алты жекпе-жек өткізді, оның алтауында жеңіске жетті, екі кездесуді қарсыласын нокаутпен жеңді.