Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола медаліне таласады

Гүлнұр Қуанышбекқызы

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль үшін ойнайды, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы ҰОК-ға сілтеме жасап.

ҰОК

Қазақстан спортшылары турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Алайда бұл кезеңде қазақстандықтар Жапония құрамасына 23:30 есебімен есе жіберді. Енді Қазақстан құрамасы қола медаль үшін күреседі. Бұл жүлдеге жартылай финалда Оңтүстік Кореядан жеңілген Иран да үміткер ретінде саналады.

Айта кетейік, матч 10 желтоқсанда өтеді.