Гаджи Гаджиев Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті атанды

Редакция Ulyssport

Бұған дейін федерацияны Жанат Түсіпбеков басқарған, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ашық дереккөзден

ҰОК федерацияға жаңа президент тағайындалғанын хабарлады.

Ашық дереккөздерде Гаджиев «SA construction group» ЖШС басшысы деп көрсетілген. 

Қазақстанда ауыр атлетиканың дамуы 1935 жылдан басталады. Бұдан екі жыл өткен соң, алғашқы республикалық чемпионат өткізілген 1954 жыл қазақстандық зілтеміршілердің әлемдік және бүкілодақтық рекордтар орнату бағытындағы санақтың бастауына айналды. Мәселен, С Ульянов 1958 және 1960 жылы әлем рекордтарын орнатып, КСРО чемпионы атанды. Одан А. Колодков, П. Ким, В. Дрекслер, А. Храпатый және С. Филимонов сынды бүкілодақтық және әлемдік рекордшылар да қалыспайды.

Дегенмен, тұңғыш әлем чемпионы мен Олимпиада жүлдегері болған қазақстандық Юрий Зайцев екенін айта кеткен жөн. Ол 1974 жылы өз мансабындағы алғаш рет қатысқан Манилада өткен әлем чемпионатында жартылай ауыр 110 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде жеңіп алған.